Hi-Tech

Әлем бойынша 30 миллион адам COVID-19 пандемиясы аралығында сандық машықтарды меңгеріп алған

Microsoft және LinkedIn машықтарға негізделген экономикаға өтудегі ізденушілер мен жұмыс ұсынушыларды қолдау бойынша келесі кезеңді іске қосады.

Microsoft Корпорациясы 249 елде және аймақтарда 30 миллионнан аса адам жаңа сандық машықтарға қатынас құру мүмкідігіне ие болғандығын жариялады. Бағдарламаға қатысушылардың арасында 10 000 асатын қазақстандықтар бар. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың маусымында бастапқыда мәлімделген мақсаттардан асып кетті, алғашында бағдарлама шеңберінде 25 миллион адамды қамту жоспарланған.  Сонымен бірге компания өз міндеттемелерін кеңейтіп, 2021 жылы әлеуетті қызметкерлердің машықтарына бағытталған жұмысқа алу процесін 250 000 компанияларға ұйымдастаруға көмектесуді жоспарлауда.   

Пандемия аралығында миллиондаған адамдар – жұмысынан айырылған зауыт қызметкерлерінен бастап, сатушылар мен жүк жүргізушілеріне дейін клиенттерге қызмет көрсету, жобаларды басқару және деректерді талдау салаларында анағұрлым көп сұраныста жүрген жұмыстарға қажетті біліктіліктерді алу үшін GitHub, LinkedIn және Microsoft онлайн – курстарына жүгінген.  

COVID-19 пандемиясының нәтижесінде ғаламдық экономикалық күйзеліс салдарынан зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін компания LinkedIn Learning және Microsoft Learn тегін курстарына қатынасты 2021 жылдың аяғына дейін созу шешімін қабылдады, сонымен бірге жиі талап етілетін 10 мамандық үшін жеңілдігі бар Microsoft сертификатын алу мүмкіндігін ұсынады.

Бастаманың келесі кезеңі білікті ізденушілердің жұмыс берушілермен өзара қатынас құруы үшін тағайындалған бірқатар жаңа құралдар мен платформалардың көмегімен машықтарға негізделген – экономикаға негіз салады.

Microsoft  президенті Брэд Смит: «Соңғы бір жылдың ішінде пандемияның келеңсіз салдарына дайын болмаған адам өміріне қатты ықпал ететіндігін көрдік. Біз анағұрлым бірегей, үлкен баламаларды құруға, білім алу үшін икемді және қолжетімді нұсқаларды қамтамасыз ететін машықтарға бағытталған еңбек нарығын жасау үшін LinkedIn және Microsoft болып күш – жігерімізді біріктіреміз, олар нәтижесінде ізденушілерге жаңа жұмыс орындарын табуға көмектеседі».

Бүгінгі таңда Қазақстанда оқу бағдарламасына тартылғандардың жалпы саны 10 000 адамнан асады, ал оқудың ең танымал бағыттарын деректер сараптамасы, графикалық дизайн, бұлтты технологиялармен жұмыс жасау мен менеджмент құрайды.   

LinkedIn Компаниясы осы жылы рекрутинг үшін жасалған қолданыстағы және жаңа құралдардың көмегімен ізденушілердің машықтарының негізінде қызметкерлерді жұмысқа алынуын  ұйымдастыру үшін 250 000 компанияларға көмектесуді жоспарлауда.  Компания өз машықтарын жақсырақ көрсетуге көмектесетін ізденушілер үшін, сонымен бірге – ізденушілердің кұзіреттерінің негізінде талапкерлермен байланысқа шығу үшін – жұмыс берушілер үшін де жаңа өнімдер жасайды. Осы құралдардың арасында келесілер бар:

  • LinkedIn Skills Path сынамалы жоба – компанияларға біліктілігі жоғары мамандарды жұмысқа алуға көмектесудің жаңа тәсілі. Skills Path – LinkedIn  білім беру курстары мен машықтарға баға беру жүйесімен беріктірілген, бұл рекрутерларға машықтары тексеріліп, анағұрлым лайықты талапкерлерді табуға көмектеседі.  LinkedIn өздерінің жұмысқа қабылдау тәжірибесін кеңейтуге және әртүрлі жұмыс тәжірибелері бар талапкерлерді тартуға  ұмтылатын компаниялармен, соның ішінде BlackRock, Gap Inc. және TaskRabbit компанияларымен бірігіп  Skills Path сынамалы жобаны іске қосады.
  • LinkedIn  профильдерінде қолжетімді жаңа бірегей және дербестендірілген қызметтер,  адамдар өзі туралы, жұмыс тәжірибесі мен мақсаттары жөнінде анағұрлым толығырақ және интербелсенді баяндап беруге көмектеседі. Бүгінгі таңда кадр мамандарының 75% талапкер машықтарына баға беру үшін стандартты түйіндеме жеткіліксіз, және олардың 80% бейне талапкерлерді тексерудің анағұрлым сенімді тәсілі екендігін белгілейді*. Сондықтан енді профильде бейне форматында мұқабалар қолжетімді болады, олар рекрутерларға және жұмысқа қабылдайтын менеджерлерге талапкерлердің тұлғааралық қатынастағы машықтарын (soft skills) көрсетуге мүмкіндік береді.
  • LinkedIn Skills Graph кеңейтілген қатынас құру жеке пайдаланушылар, жұмыс берушілер, білім беру және мемлекеттік мекемелер үшін машықтардың  жалпы амалы мен анықтамаларын таңдауға жағдай жасайды. Бұл кадр қорларын жоспарлау сапасын, жұмысқа алу процесін және даму бағдарламаларының сапасын арттыруға көмектеседі. 

Өз кезегінде Microsoft сандық машықтар саласында келешегі бар мүмкіндіктерді жылжыту бойынша LinkedIn  жұмысын қолдау үшін компанияның барлық бөлімшелерін біріктіреді. Мысалы, Career Coach, LinkedIn  негізінде  Microsoft Teams қосымшасы, олар жоғары оқу орындарының студенттеріне олардың мансапты жолы бойынша дербестендірілген мінездемелер ұсынады. Career Coach жасанды ақыл негізінде машықтар сәйкестендіргіштер көмегімен өз мақсаттарын, мүдделерін және машықтарын ашуға көмектесетін – студенттерге арналған шешімдерді білім беретін мекемелерге ұсынады. Қосымша LinkedIn – мен интегралдалған және студенттердің профилін еңбек нарығының үрдістеріне сәйкес келтіреді, практикалық машықтарды дамытуға және бір жерде жетекшілермен және әріптестермен тілдесуге көмектеседі.

LinkedIn  бас директоры Райан Рослански: «Ұзақ уақыт рекрутинг процесі бұрынғы жұмыс орнынан берілген мінездемеге, талапкердің дәрежесіне немесе таныс адамдардың ұсыныстарына негізделді. Өзгерістер енгізу уақыты келді. Қызметкерлер өз бойларындағы бар машықтарды және жетілдіруді талап ететін машықтарды жақсырақ түсініп, қалыптастыра бастады.  Сонымен қатар компаниялар жеке ұсыныстар мен таныстыққа ғана назар аудармай, қызметкерлердің бойындағы машықтарға көңіл бөле бастады, соның ішінде жиі бағаланбайтын қоғамдастықтардан келген талапкерлерге назар аударыла бастады. Біз осы өзгерістерді жылдамдатқымыз келеді. Өткен жылдың маусым айынан бастап Microsoft және LinkedIn  сандық машықтарға қатынас құруға бүкіл әлем бойынша 30 миллионнан аса адамға көмектесті, және бүгін біз өз бастамамызды кеңейтіп, 250 000 компанияларға машықтар мен құзірет негізінде қызметкерлерді жұмысқа алу процесін қалыптастыруды жоспарлаймыз». Осы бастама шеңберінде Microsoft компаниясы шамамен 6 миллион білім алушылардың тілдесуі мен тәжірибе алмасуы үшін қоғамдастықтар құру, тәрбиелік бағдарламалар, жетекшілік түрінде кешенді қолдауды қамтамасыз етуге көмектесу үшін өзінің коммерциялық емес серіктестерімен тығыз қызмет жасайды. Microsoft тоқтауды жоспарламайды және жаңа онлайн – қызмет Career Connector–ді хабарлайды. Ол келесі үш жыл аралығында техникалық машықтары бар 50 000 маманға жұмыс табуға жағдай жасайды. Бұл жаңа онлайн-платформа Microsoft әйелдерге фокуспен оқыту бойынша машықтар алған және халық арасында технология топтары саласында ең аз іске асырылған өкілдерінің оқушыларына серіктестердің және коммерциялық емес ұйымдардың көмегіне бағытталады.  

Источник: Etoday.kz

Статьи по Теме

Кнопка «Наверх»